Бүгін Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан №145 сайлау учаскесінде таңертеңгілік сағат 07.00-де Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалған соң үміткерлердің сенімді өкілдері мен бақылаушылар қатысуымен аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Берік Бейісов сайлаудың маңыздылығына қысқаша тоқталып өтті.
Бұдан соң дауыс беру басталып, ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасай бастады.
– Қазіргі уақытта сайлаушылардың 29 пайызы дауыс берді. Түстен кейін аталмыш сайлау учаскесінің комиссия мүшелері өз өтініштері бойынша денсаулықтарына, қарттығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтындардың тұрғылықты жеріне қажетті бюллетень қағазы мен сайлау жәшігін 11 үйден дауыс беруге өтініш берушілерге алып барады,- дейді №145 сайлау учаскесінің төрағасы Берік Бейісов.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА




