Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Зорлық-зомбылықсыз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, адам үшін ең қауіпсіз әрі жайлы орта болуы тиіс. Сондықтан әрбір шаңырақта өзара сыйластық, түсіністік пен қауіпсіздік орнауы маңызды. Отбасындағы зорлық-зомбылық – тек жеке отбасының мәселесі емес, ол қоғамға ортақ мәселе. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу және оның алдын алу – баршамызға ортақ міндет. Осы бағытта ағымдағы жылдың 25-27 тамыз аралығында мүдделі мемлекеттік органдар мен Отбасын қолдау орталығының қатысуымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, қорғау тетіктері және қиын жағдайға тап болған азаматтардың көмек алу үшін жүгіну тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның жолын кесу, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және қажетті көмекке жүгіну тәртібі түсіндірілді. 
Сонымен қатар азаматтарға құқықтық сауаттылықты арттырудың, өз құқықтарын білудің және зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамаудың маңыздылығы жеткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның жолын кесу, жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті қолдау көрсету.
Азаматтар өздерін мазалаған мәселелер бойынша тиісті мамандарға жүгініп, құқықтық кеңес пен практикалық көмек ала алады. Құзырлы органдар тарапынан әрбір өтініш қаралып, жағдайға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Қызылқоға ауданында да отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Құқық қорғау 
органдары, мемлекеттік мекемелер және отбасыны қолдау саласындағы мамандар бірлесіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қиын жағдайға тап болған азаматтарға құқықтық және практикалық көмек көрсетуде.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу тек мамандардың емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір азамат өз құқығын білуі, заңсыз әрекетке жол бермеуі және қажет болған жағдайда көмек сұраудан қорықпауы қажет. 
Зорлық-зомбылыққа көз жұма қарамайық!
Әйгерім ШӘКІРОВА,
Аудандық Полиция бөлімі
Отбасылық-тұрмыстық 
зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының
аға инспекторы, полиция майоры

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT