Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖОЛДАҒЫ БАЛАЛАР

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін атап өтіп, «Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел» деді.

Аудандық полиция бөлімі «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында, аудан аумағында 3-7 маусым аралығында республикалық «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Басты мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жасөспірімдердің жол қозғалысы қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейін арттыру. Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері балалардың жолды дұрыс кесіп өтуі, жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалану және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылып, күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT