Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖОЛ ЖИЕКТЕРІ – АУЫЛДЫҢ АЙНАСЫ

 «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – бұл тек бір күндік науқан немесе көзбояушылық үшін жасалатын сенбілік емес. Бұл біздің туған өлкемізге, қоршаған ортаға деген шынайы жанашырлығымыздың көрінісі.

Әсіресе, ауылдық жерлерде бұл игі шараның маңызы өте зор. Алайда, акция аясындағы тазалық жұмыстарын тек ауылдың орталығымен, әкімшілік ғимараттардың айналасымен немесе орталық көшелермен ғана шектеп қою жеткіліксіз. Нағыз жанашырлық пен тазалық мәдениеті ауылдың қақпасынан, яғни кіреберіс жолдардан басталуы тиіс. Әсіресе, ауылға келетін үлкен тас жолдардың екі жағы мен жол жиектері – елді мекеннің сыртқы келбетін айқындайтын негізгі аумақ. Жолаушылар мен жүргізушілер тастап кететін тұрмыстық қалдықтар, пластик құтылар мен пакеттер көбіне осы жол бойында жиналып қалады.

Сонымен қатар, «Миялы-Сағыз» тас жолы жиегіндегі шөптерді шауып, тазалап отырған абзал. Бұл біріншіден өрт қауіпсіздігін, екіншіден жолға мал шығып кетудің алдын алады. Ауданда болып жатқан жол-көлік оқиғаларының көбі жол жиегіндегі шөпке мал жайылып жүргені салдарынан болып жатқаны аян. Сондықтан акция аясында жол жиектеріндегі өскен шөп пен қоқыстарды тазалап отыруды да ұмытпауымыз керек. 

Амангелді ҚАЛИЕВ,

 ауыл белсендісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT