Ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алайық!
Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Соңғы уақытта ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары көбейіп отыр. Мұндай жағдайлар адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, материалдық шығындарға да әкеледі.
Оқиғалардың алдын алу үшін: Малдарды қараусыз жол бойына жібермеу; Әсіресе түнгі уақытта малға жарық шағылыстырғыш таспа тағу; Мал иелері мен бақташылар арасында жауапкершілікті нақтылау; Мал бағуды ұйымдастырып, бақташы қызметін пайдалану; Жергілікті атқарушы органмен бірлесіп үшжақты келісімшарт жасау; Жол маңындағы қоршауларды күшейту.
Есіңізде болсын: Мал иесі – өз малы үшін толық жауапты! Қауіпсіздікті бірге сақтайық! Өз өміріңізді және өзгелердің өмірін қорғаңыз!


