Жол қозғалысы қауіпсіздігі – қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі. Себебі жолдағы тәртіп пен мәдениет әр адамның өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – тек жүргізушілердің ғана емес, жаяу жүргіншілердің, жолаушылардың да ортақ міндеті. Көлік жүргізушісі жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексеріп, жылдамдық тәртібін сақтап, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын орындауы қажет.
Қауіпсіздік белдігін тағу, көлік басқару кезінде телефонға алаңдамау, мас күйінде көлік жүргізбеу – адам өмірін сақтайтын қарапайым, бірақ маңызды талаптар. Жаяу жүргіншілер де жол қауіпсіздігіне жауапты. Арнайы белгіленген орындардан өту, жолды кесіп өткенде мұқият болу, балаларға жол ережесін үйрету – қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне жолдағы қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыру маңызды. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі ережені сақтамау, жылдамдықты асыру, жүргізушінің назарсыздығы салдарынан орын алады. Сондықтан әрбір азамат жолда өз жауапкершілігін сезінуі керек. Бір сәттік салғырттық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. азіргі таңда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түрлі профилактикалық шаралар, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жолдағы тәртіпті нығайту. Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершіліктен басталады. Жол қозғалысы ережелерін сақтау арқылы біз өз өмірімізді ғана емес, айналамыздағы адамдардың да қауіпсіздігін қорғаймыз. Әрбір азамат жол мәдениетін қалыптастыруға үлес қосса, жолдағы қайғылы жағдайлар азая түсері сөзсіз.
Нариман МҰХТАР,
аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция Жол



