Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жол ережесін сақта!

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 23-27 қыркүйек аралығында ауданы көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, жылдамдық режимін бұзбауға, қауіпсіздік белдігін тағуға және көлік құралын мас күйінде басқармауға шақырды.
Жаяу жүргіншілерге де жолдан белгіленбеген жерден өтпеу, бағдаршам талаптарын сақтау және жол бойында барынша сақ болу жөнінде ескертілді.
Жол ережесін сақтау – өз өмірің мен өзгенің өмірін қорғау.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT