Аудан тұрғындарының күнделікті өмірінде жол қауіпсіздігінің де орны ерекше. Қазір ауыл ішінде де көлік саны көбейіп, қозғалыс жиілеген. Мұндай жағдайда жүргізуші мен жаяу жүргіншінің өзара жауапкершілігі арта түседі.
– Жылдамдықты шамадан тыс асырмау, көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдамау, жаяу жүргіншіге жол беру – заң талабы ғана емес, адам өмірін қорғауға бағытталған қарапайым ереже. Оны тұрғындар бұлжытпай орындауы қажет. Ал ата-ана баласына жолдан өту тәртібін үйретіп, көшеде қауіпсіз жүріп-тұрудың жолдарын түсіндіруі тиіс. Әсіресе мектеп маңындағы қозғалысқа барынша мұқият болған жөн. «Назар аударыңыз, балалар!» сияқты профилактикалық шаралардың маңызы осында. Мұндай жұмыстар белгілі бір мерзімде ғана жүргізіліп қоймай, күнделікті әдетке айналып келеді, - дейді аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция тобының аға мемлекеттік авто инспекторы Абай Асылбекұлы.




