Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жоғары технологиялар – ел дамуының жаңа мүмкіндігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдегі жетекші аккумулятор өндірушілерінің бірі – CATL компаниясының директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньмен кездесуі еліміздің жоғары технологиялар саласын дамытудағы маңызды қадам деп есептеймін.

Мұндай кездесулер Қазақстанға жаңа инвестициялар тартуға, заманауи өндірістерді іске қосуға және озық технологияларды енгізуге жол ашады. Әсіресе электр көліктеріне арналған аккумуляторлар өндірісі мен энергия сақтау технологиялары болашақ экономикасының маңызды бағыты саналады.

 Осындай халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, отандық мамандардың біліктілігі артып, елдің өнеркәсіптік әлеуеті күшейеді деп сенемін. Бұл – Қазақстанның инновациялық дамуына және әлемдік технологиялық үрдістерге ілесуіне жасалған маңызды қадам.

Алтынзер БАЙМҰРАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT