Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде

 Аудан аумағында өтіп жатқан «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Іс-шара барысында аудандық полиция бөлімінің профилактикалық бақылауында тұрған азамат бөлімшеге шақырылып, арнайы профилактикалық бөлмеде учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Данияр Дюсембаев және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Айгерім Шәкірова тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында азаматқа заң талаптарын қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, қоғамға жат әрекеттерден аулақ болу және қайта құқық бұзушылыққа жол бермеудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну — әр азаматтың басты міндеті екені айтылды. «Заң мен тәртіп» қағидаты — тұрақты қоғам мен қауіпсіз өмірдің негізі. Қоғам тыныштығы мен ел қауіпсіздігін сақтау жолындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT