Мемлекет басшысының бастамасымен екі жыл бұрын қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елімізде түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Бұл ретте ауылымыздың таза да көрікті болуы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге тығыз байланысты. Оған үлес қосу – әр тұрғынның міндеті деп білемін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, оған жергілікті әкімшіліктің, жауапты мекеменің шаруасы деп қарамай, өзіміз тұратын үйдің төңірегін, көшемізді тазалап отырсақ – ауылымыз ажарлана түсетіні сөзсіз. Елдің мәдениеті, әдептілігі, жауапкершілігі, өзін-өзі сыйлауы тазалық шараларынан айқын көрініс табатындығы айдан анық. Сондықтан әрбір тұрғын өзі тұрған көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізсе, дер кезінде күл-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызып жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Талғат ІЗЖАН,
Сағыз ауылының тұрғыны


