Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Апта сайын ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына аудандағы мекеме қызметкерлері белсене қатысуда.
Сенбілікте әрбір ұжым өздеріне бөлінген аумақтар мен көшелердегі қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосып келеді. «Тазалық – денсаулық кепілі» дегендей тазалық бар жерде – ырыс, береке болары сөзсізТазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. Сондықтан өңіріміздің көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бейжай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге тастамай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды, ауылымызды таза ұстаудан басталатыны белгілі. Алдағы уақытта да тазалықты сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.
Бержан ҚИЯҚБАЙ,
аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспкциясын бөлімінің бас маманы



