Бүгінде елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ауыл көшелері мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, аулалар тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылуда. Мұндай игі шаралар ауылдың ажарын ашып қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Әсіресе, тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлерімен қатар жастардың, еңбек ұжымдарының және ауыл тұрғындарының белсенді қатысуы – көңіл қуантатын жағдай.
Сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстары барысында көшелер тазаланып, қоқыстар жиналып, қоғамдық орындар ретке келтіріледі. Бұл – туған ауылға деген құрметтің нақты көрінісі.
Қайсар Хамза, Ауыл тұрғыны




