Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында Вице-президент лауазымына Ерлан Каринді ұсынып, оны депутаттар бір ауыздан қолдады.
Бұл өте құптарлық шешім деп білемін. Өйткені Ерлан Тынымбайұлының мемлекет дамып, өркендеуі жолында қосқан үлес көп. Бірнеше лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Вице-президент деген жаңа лауазым болғандықтан оның жауапкершілігі мен артылау жүгі де ауыр. Жаңа лауазым иесі Мемлекет басшысына серік болып, бірге елді дамыту жолында еңбектенеді деп сенемін.
Сағидолла ЯҚЫП,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



