“Назар аударыңыз, балалар” жедел профилактикалық іс шарасы кезінде Қарабау орта мектебінің төменгі сынып “ Айна” қыздар ұйымымен Қызылқоға АПБ ҚҚБ кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ә.Сүйінова кездесу өткізілді.
Жиналыста жасөспірімдер қылмысының алдын-алу және профилактикасы, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын-алу, жасөспірімдермен жасалатын және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәмелетке толмағандармен болатын оқыс оқиғалардың алдын-алу, жол-көлік оқиғаларына ұшырау фактілерінің алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдер арасында орын алып отырған бопсалаушылық, әлімжеттік, буллинг, кибербуллинг, сонымен қатар ұсақ бұзақылық оның ішінде былапыт сөздермен тілдемеу, ұрып-соқпау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.




