Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан бұл ойлар еліміздің дамуы үшін әр азаматтың жауапкершілігі қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан түрлі сынақтардан өтіп, халықаралық деңгейде өз орнын қалыптастырды. Бұл – ең алдымен халқымыздың бірлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар мемлекет тек күшті болумен шектелмеуі керек. Нағыз кемел мемлекет – өз азаматтарының құқығын қорғап, заң үстемдігін қамтамасыз етіп, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін мемлекет.
Осындай қағидалар қоғамдағы сенімді арттырып, елдің тұрақты әрі қарқынды дамуына жол ашады. Бүгінгі таңда біз ел тағдырына әсер ететін маңызды кезеңде тұрмыз. Сондықтан әрбір азамат ел болашағына бейжай қарамай, саналы таңдау жасап, ортақ жауапкершілікті сезінуі қажет. Себебі бүгін қабылданған шешімдер ертеңгі ұрпақтың өміріне тікелей ықпал етеді.
Еңсеген ӘБИ,
ардагер ұстаз


