Құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениеті мен санасын арттыруды Үкіметке тапсырған Мемлекет басшысы осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде Үкіметтің отырыстарында және құқық қорғау органдарының алқаларында үнемі көтеріп отырады.
Мұндағы мақсат – әрбір азаматтың заңға деген құрметін арттыру және қоғамда құқықтық мәдениет пен сауаттылықты деңгейін көтеру. Бұл ретте білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбиені күшейтіп, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай арнайы құқықтық сағаттар, «Заң және тәртіп» айлықтарын өткізу қажет. Бұл оларға өз құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру үшін маңызды. Сонымен бірге отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайта отырып, ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін арнайы семинарлар ұйымдастырған да жөн. Мұндай шаралар ата-аналарға бала құқықтарын қорғауды, міндеттерді дұрыс орындауды және заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіруге көмектеседі.
Айбек СӘРСЕНҒАЛИЕВ,
аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы міндетін атқарушы, полиция майоры


