Заң мен тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігі ерекше. Соның ішінде құқық қорғау құрылымдары заңдылықты қатаң сақтап, ашықтық пен әділдік қағидаттарын басшылыққа алып жұмыс жасайды.
Бұл ретте, заңды сақтау тек жазадан қорқу арқылы емес, ішкі мәдениет пен саналы ұстаным арқылы жүзеге асуы қажет. Әрбір азамат өз әрекетінің қоғамға әсерін түсініп, ортақ тәртіпті сақтауға үлес қосуы тиіс.
Абай АСЫЛБЕК,
полиция қызметкері



