Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАУАПКЕРШІЛІК КЕРЕК

Бүгінгі күні әр апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, ауылдың ажарын ашатын іс-шаралар атқарылып келеді.

Дегенмен де ауылдағы біраз үйдің шарбағының артында үйілген қоқыстар бар. «Ауылына қарап азаматын таны!» деген емес пе?! Ауылдың тазалығы – өзіңнің, қала берді ұрпағыңа салауатты өмір қалыптастырады. Сондықтан ауылдағы әр тұрғын өздерінің ауласын таза ұстағаны жөн. Әр адам сенбілікке шығып, аз да болса өз үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілік арта түсері анық. Ауданымыздағы тазалыққа бағытталған бұл науқандық жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла атсалысу – әрбір ауыл тұрғынының міндеті. Осы орайда ауыл тұрғындарын көшеде, өз аулаларында тазалық сақтауға шақырамын.

Қанат ҚОЖАХМЕТОВ,

кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT