Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жауапкершілік қажет

Қызылқоға ауданы ПБ ҚҚб-нің учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Н.Карабаев өзіне бекітілген әкімшілік аумағындағы сауда нысандарында кәмелетке толмағандарға және 21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, электрондық темекіні және заңмен тыйым салынған өзге де өнімдердің сатылуына бақылауды күшейту мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында сауда объектілерінің сатушыларымен кәмелетке толмағандарға және 21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь және темекі бұйымдарын, сондай-ақ энергетикалық сусындарды сатуға жол бермеу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру барысында қолданыстағы заңнама талаптары, сатып алушылардың жасын растайтын құжаттарын тексеру қажеттілігі және заң талаптарын бұзғаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT