Заңды құрметтеу ең алдымен отбасынан басталып, балабақша мен мектепте жалғасады. Балаларға кішкентай кезінен үлкенді сыйлау, қатарласына құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзгенің құқығына қол сұқпау сияқты қарапайым қағидаларды үйрету олардың жауапкершілігін арттырады.
Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол ережесін орындау, қоршаған ортаны ластамау, бөтеннің мүлкіне ұқыпты қарау – заң талаптарын орындаудың күнделікті өмірдегі көрінісі. Осындай қарапайым әрекеттерден азаматтық жауапкершілік қалыптасады.
Заң бәріне ортақ. Сондықтан құқықтық тәртіпті сақтау тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың міндеті. Өз құқығын білумен қатар, өзгенің құқығын құрметтеу де – құқықтық мәдениеттің басты белгісі.
Гүлмира Мақсот




