Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жауапкершілігінің айнасы

 Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы.

Айналаны таза ұстау – тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы керек. Себебі таза орта – денсаулықтың кепілі, өскелең ұрпаққа үлгі. Бүгінде елімізде тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлініп келеді.

 Бұл бастамаларға әрбір тұрғын белсенді қатысса, ауылымыз бен қаламыздың көркі артып, табиғатымыз сақталады. Өзімізден бастап, балаларымызды тазалыққа баулып, қоғамдық орындарды таза ұстауға атсалысу – ортақ міндетіміз.

Таза ел – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан табиғатты аялап, тазалықты сақтауға бәріміз бірге үлес қосайық.

Бекбол Жанқуатов,

Ойыл ауылдық округінің тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT