Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жасыл желек – ауыл көркі

Тазалықпен қатар көгалдандыру жұмыстары да «Таза Қазақстан» акциясының маңызды бағыты болып отыр. Ағаш отырғызу – қоршаған ортаны қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі ғана емес, келешек ұрпаққа жасалған қамқорлық. Осы тұста, Қаракөл ауылында көгалдандыру жұмыстары барысында барлығы 200 түп ағаш отырғызылды.

Оның ішінде Қаракөл аумағына 110 түп, мектеп аумағына 30 түп, спорт кешені маңына 20 түп ағаш егілді. Қалған көшеттер де ауылдың әр аумағын көгалдандыруға бағытталды. Ағаш отырғызумен қатар оның кейінгі күтіміне де мән берілуде. Осы мақсатта жасыл желектерді суару, күтіп-баптау жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты мердігерлер тартылған. Өйткені көшет отырғызу – істің бастауы ғана. Оны өсіріп, сақтап қалу үшін тұрақты күтім қажет.

Сонымен қатар, Сағыз ауылдық округінде де тазалық пен абаттандыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатса, Жангелдин ауылында санитарлық тазалықпен қатар қоғамдық орындарды ретке келтіру, ауылдың сыртқы келбетін жақсарту шаралары қолға алынуда. Ал, Ойыл, Тайсойған, Тасшағыл, Қызылқоға, Мұқыр, Көздіғара ауылдарында да тазалықты сақтау, көшелерді ретке келтіру, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Бұл ауылдардың барлығы ауданның ортақ келбетін қалыптастыратыны белгілі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясының нәтижесі тек тазаланған көшелердің немесе жиналған қоқыстың көлемімен өлшенбейді. Оның ең басты нәтижесі – тұрғындардың туған жерге деген көзқарасының өзгеруі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT