Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жастармен кездесу өтті

Аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында полиция қызметін насихаттау және бос лауазымдарға үміткерлерді тарту мақсатында аудандық полиция бөлімі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары Асхат Құлбаев Қарабау ауылының жастармен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға ішкі істер органдарына қызметке қабылдау талаптары, полиция қызметінің ерекшеліктері, әлеуметтік кепілдіктері мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Кездесу барысында жастардың сұрақтарына жауап беріліп, құқық қорғау саласында қызмет атқаруға қызығушылық танытқан азаматтарға кәсіби бағдар берілді. Сонымен қатар, Ішкі істер органдарына қызметке қабылдауға арналған “Qyzmet-Police.kz” ресми цифрлық ақпараттық порталы туралы түсіндірілді. Кездесу барысында жастар ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы полиция қызметінің маңыздылығы туралы пікір алмасып, құқық қорғау органдарында қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен абыройлы міндет екені атап өтілді.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT