Жасөспірімдер мен жастардың діни білімін дұрыс бағытта қалыптастыру және жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында Жаңашаруа қазақ орта мектебінде түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Іс-шара барысында теолог М.Сұлтанов және аудандық ақпараттық-насихаттық топ өкілі С.Яқып жастарға қазіргі ақпараттық ортадағы діни деректерді ажырата білу, күмәнді ақпаратқа ермеу және дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау жөнінде түсіндірме берді. Олар діни тақырыптағы кез келген мәліметті тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігін ерекше атап өтті. Кездесу ашық форматта өтіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар берілді. Әсіресе әлеуметтік желілер арқылы таралатын теріс ақпараттың әсері мен одан сақтану жолдары кеңінен талқыланды.
Мұндай кездесулердің басты мәні – жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту, рухани тұрақтылықты нығайту және қоғамда дұрыс көзқарас қалыптастыруға ықпал ету.


