Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАСТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

сурет ғаламтордан алынды

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елімізде табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып отыр.

Бұл жоба қоғам назарын қоршаған ортаның жағдайына аударып қана қоймай, азаматтарды нақты әрекетке шақырады. Акция аясында өткізілетін сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстары ауылдардың келбетін жақсартуға үлкен үлес қосуда. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы экологиялық сананың артып келе жатқанын көрсетеді. Олар тек тазалық жұмыстарына қатысып қана қоймай, әлеуметтік желілер арқылы да экологиялық идеяларды кеңінен насихаттауда.

 Табиғат – адам өмірінің негізі. Сондықтан оны қорғау, аялау және келер ұрпаққа таза күйінде жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл орайда «Таза Қазақстан» акциясы осы жауапкершілікті терең түсінуге жол ашып отыр.

Бекмырза ӘЖІБАЙ,

белсенді жас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT