Екі жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы екі мәселені көздеп отыр.
Біріншіден, тазарту. Екіншіден экологиялық мәдениетті тарату. Аталмыш республикалық акция еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде бұл шараға мекеме қызметкерлерімен бірге ерікті жастар да қатысуда. Осы орайда еріктілер апта сайын өтетін сенбіліктерге қатысып, Ойыл өзені жағалауын тазалауға атсалысты. Олардың басты мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Асылхан ЕРКІН,
Миялы ауылы




