Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен іске асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ластанған аумақтарды қалдықтардан тазартуға, экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған шара.
Аз уақыттың ішінде экологиялық акция еліміздің түкпір-түкпірінде кең етек жайды. Бүгінгі күні аудандағы әрбір мекеме қызметкерлерімен бірге жастардың да экологиялық акцияға қатысу белсенділігі күн санап артып келеді. Олар өздеріне тиісті аймақтарды қоқыс қалдығынан арылтып қоймай тас жолдардың бойы мен Ойыл өзені жағалауын да тазалады. Алға қарай да табиғатты қорғау жолында атқарылатын іс-шаралар қарқынды түрде жүзеге асырылып, еліміздің экологиялық мәдениетін дамыту жолындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле береді.
Сәкен МАХАМБЕТ,
аудандық жастар мәслихатының мүшесі



