Қызылқоға ауданы аумағында 2026 жылдың 05-10 мамыр аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары мен кезекші қызметкерлер жастар көп шоғырланатын орындарда рейдтік жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жүруі, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бағытында шаралар қабылдануда.
Осы ретте, жасөспірімдерге су айдындарында шомылудың қауіпті екені, табиғат аясына ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз шығуға болмайтыны қатаң ескертіледі.


