Мектеп бітіру кеші – әр түлектің өміріндегі ерекше әрі есте қаларлық сәттердің бірі. Алайда, ондай қуанышты сәттің қауіпсіздігі мен тыныштытығы аса маңызды.
Соған сай президенттің «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Сағыз ауылындағы №9 орта мектепке Сағыз полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Қазбек Қосжанов пен учаскелік полиция инспекторы Әбілқасым Бержанов түлектермен кездесті. Кездесу барысында полиция қызметкерлері түнгі уақытта ата-ананың немесе жауапты ересектердің бақылауынсыз жүрмеу, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, су айдындарына, биік ғимараттарға немесе қауіпті аймақтарға бармау, пиротехникалық заттарды қолданбау жайлы профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз тілшіміз


