2026 жылдың Жасанды интеллект және цифрлық даму жылы болып жариялануы – еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды әрі уақытылы шешім. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті тиімді пайдалану оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың заманауи дағдыларды меңгеруіне жол ашады.
Бүгінде білім беру үдерісінде цифрлық құралдарды тиімді пайдалану – заман талабы. Сонымен қатар оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету де аса маңызды. Президент атап өткендей, азаматтардың цифрлық қауіпсіздігіне ерекше мән беру – болашақ ұрпақтың қауіпсіз әрі саналы цифрлық ортада білім алуына мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді игерген жас ұрпақ – еліміздің ертеңгі дамуының басты кепілі. Сондықтан бұл бағыттағы реформалар Қазақстанның бәсекеге қабілетті, білімді әрі инновациялық мемлекет ретінде дамуына зор үлес қосады.
Гүлсара ТІЛЕГЕНОВА,
информатика пәні мұғалімі



