Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жас ұрпаққа заң талаптарын түсіндірейік!

Қоғамда тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты. Заң – баршаға ортақ талап. Оны құрметтеу және белгіленген тәртіпті сақтау әр азаматтың міндеті деп есептеймін.

Қазіргі таңда елімізде құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың заң талаптарын білуіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуы тек мемлекеттік органдарға емес, тұрғындардың өз жауапкершілігіне де байланысты.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау үшін ғана емес, өзгенің құқығы мен қауіпсіздігін құрметтеу үшін де қажет. Әсіресе жас ұрпаққа заң талаптарын түсіндіріп, тәртіпке баулу маңызды. Себебі бүгінгі бала – ертеңгі қоғам мүшесі.
Көшеде, қоғамдық орында, жолда немесе күнделікті тұрмыста белгіленген ережелерді сақтау – үлкен жауапкершіліктің көрінісі. Бір қарағанда ұсақ болып көрінетін тәртіпсіздіктің өзі қоғам қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін.
Менің ойымша, заң мен тәртіпті сақтау жазадан қорқудан емес, азаматтық сана мен ішкі жауапкершіліктен қалыптасуы керек. Әр адам өзінен бастап тәртіпке мән берсе, қоғамдағы өзара құрмет те арта түседі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT