Таза ел – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан табиғатты аялап, тазалықты сақтауға бәріміз бірге үлес қосу баршаның орталық міндеті. Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы. Орта жастағы азамат ретінде туған жеріміздің таза, көрікті болғанын қалаймын.
Айналаны таза ұстау – тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы керек. Себебі таза орта – денсаулықтың кепілі, өскелең ұрпаққа үлгі. Бүгінде елімізде тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл бастамаларға әрбір тұрғын белсенді қатысса, ауылымыз бен қаламыздың көркі артып, табиғатымыз сақталады. Өзімізден бастап, балаларымызды тазалыққа баулып, қоғамдық орындарды таза ұстауға атсалысу керек.
Айсауле АРДАҚ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы



