Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын сақтап, әділдік пен жауапкершілікті басты орынға қойса, мемлекетіміз одан әрі дамып, бейбіт өмір нығая түседі.
«Заң мен тәртіп» қағидаты — қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығының басты кепілі. Әрбір азамат заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауы арқылы елдің дамуына өз үлесін қосады. Заң бәріне ортақ, сондықтан оны орындау — әр адамның азаматтық борышы.
Тәртіп сақталған жерде қауіпсіздік, өзара сыйластық пен әділдік орнайды. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа заңды сыйлау мен тәртіпке бағынуды үйрету өте маңызды. Себебі тәртіпті, саналы ұрпақ — елдің жарқын болашағының негізі. Қоғамдағы тазалықты сақтау, үлкенді құрметтеу, қоғамдық орындарда мәдениетті болу, өз құқығыңмен қатар өзгенің құқығын да сыйлау — бәрі де «Заң мен тәртіп» қағидатының көрінісі. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дегендей, заң мен тәртіпті сақтау — өркениетті қоғамның басты белгісі.
Гүлмира Мақсот




