Таза саябақтар мен балалар ойын алаңдары – жайлы әрі қауіпсіз ортаның белгісі. Балаларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін мұндай орындардың таза әрі күтіп ұсталуы өте маңызды.
Әр тұрғын қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоқысты арнайы жәшіктерге тастап, айналаны таза ұстауға үлес қосуы керек. Тазалық – бір күндік науқан емес, ол күнделікті мәдениет пен ортақ жауапкершілік. Барлығымыз табиғатты аялап, қоғамдық орындарды таза ұстасақ, келешек ұрпаққа көрікті де жайлы орта қалдырамыз.
Арайлым Дүйсенбай,
миялы ауылы, ата-ана



