Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жабайы қарасора өсімдіктері жойылды

«Қара Сора 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында  аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында құрамында есірткі заты бар жабайы қарасора өсімдіктерін анықтау және жою бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында Тайсойған ауылдық округіне қарасты Теміршағыл алқабын тексеру кезінде 120 түп жабайы қарасора өсімдігі анықталып, белгіленген тәртіппен жойылды. Аталған іс-шараның мақсаты – құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің заңсыз таралуының алдын алу, есірткі құралдарының заңсыз айналымына жол бермеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.  Аудандық полиция бөлімі тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірмеуге және мұндай фактілер анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады. 

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT