Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАҢАРҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ КОДЕКС

Жаңа Конституцияның 8-бабының 3-тармағында жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені айқын көрсетілген. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады.

Сонымен қатар жердің заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін екені жазылған.
Бұл норма нені білдіреді? Ең алдымен, табиғи байлықтың ел игілігіне қызмет етуі керектігін аңғартады. Жердің байлығы жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас қоғамның әл-ауқатына жұмыс істеуі керек. Жерден алынған өнім халықтың дастарқанына жетіп, одан түсетін игілік елдің дамуына үлес қосуы тиіс.
Жерді пайдалану құқығы бар адамға да үлкен жауапкершілік жүктеледі. Жерді иелену – оны ойына келгенше пайдалану деген сөз емес. Оны күтіп-баптау, құнарын сақтау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу және келер ұрпаққа жарамды күйде қалдыру – азаматтық әрі қоғамдық міндет.
Тағы бір маңызды мәселе – жер қатынастарындағы әділдік пен ашықтық. Жер телімдерін бөлу, пайдалану және қорғау барысында заң үстемдігі сақталуы қажет. Халықтың ортақ байлығы саналатын табиғи ресурстарға қатысты шешімдер қоғамның сенімін туғызатындай ашық әрі әділетті болуы тиіс. Сонда ғана Конституциядағы халық мүддесін көздейтін қағидалар нақты мазмұнға ие болады.

Аманбек ӘДІЛБЕК
заңгер

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT