Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жаңарған заң – жаңарған басқару жүйесі

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі – ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Жаңа Конституцияда билік институттарының жауапкершілігін күшейту, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған нормаларға басымдық берілген.

Бұл өзгерістердің түпкі мәні – мемлекеттік басқаруды халықтың сұранысына барынша жақындату. Заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Алуа Ибраеваның пайымынша, конституциялық өзгерістерді түсіндіру кезінде олардың азаматтардың күнделікті өміріне әсеріне назар аудару маңызды. Жаңа Ата Заңда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң көмегінің конституциялық кепілдіктерін нақтылауға және мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне қатысты бірқатар жаңа нормалар бекітілді. Ғалымның пікірінше, Конституциядағы өзгерістерді тек саяси институттардың жаңаруы ретінде қарастыру жеткіліксіз. Оның мәні – мемлекеттік басқару жүйесінің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырумен, азаматтардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейтумен және заң үстемдігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

 Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституцияның тиімділігі оның нормаларының нақты өмірде қалай жүзеге асатынымен өлшенеді. Яғни конституциялық қағидаттар мемлекеттік органдардың жұмысында, азаматтардың құқықтарын қорғауда және шешім қабылдау үдерісінің ашықтығында көрініс табуы тиіс.

 Нұрсәуле Жауынбаева

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT