Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ

 Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында көтерілген әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселесі ерекше маңызды. Мемлекет басшысының елімізді ауқымды құрылыс алаңына айналдырып, барлық өңірде құрылыс жұмыстарын жандандыру қажеттігі туралы пікірі халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілікті нақты айқындау – уақыт талабы. Себебі заманауи инфрақұрылым елді мекендердің дамуына серпін беріп, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастырады. Жолдаудағы міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуы ел болашағы үшін маңызды деп есептеймін.

 Сағидолла Яқып,

Аудандық ардагердер кеңесінің төрағасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT