Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жаңа Конституция – халықтық құжат 

сурет ғаламтордан алынды

Конституцияның жаңа жобасы қоғам арасында жан-жақты талқыланып, азаматтар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ашық білдіруде. Бұл – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың қоғамдық өмірге белсенді араласуының көрінісі.

Жаңа жоба аясында Конституцияның 77 бабына түзетулер енгізіліп, құжаттың мәтіндік мазмұны 84 пайызға жаңартылған. Бұл өзгерістер еліміздің негізгі заңын заман талабына сай жетілдіру, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және қоғамның сұраныстарына жауап беру тұрғысынан маңызды болып отыр.
Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын белгілейтін басты құжат. Сондықтан оның жаңа жобасын талқылау барысында әрбір ұсыныс пен пікірдің маңызы зор. Ашық қоғамдық диалог халықтың көзқарасын ескеруге, өзекті мәселелерді ортаға салып, ортақ шешім іздеуге мүмкіндік береді

Ел болашағы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Конституциялық өзгерістерді түсініп, оның мазмұнына зер салу, өз пікірін сауатты әрі ашық білдіру – азаматтық белсенділіктің маңызды көрінісі. 
Кәмшат Әбіш

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT