Жаңа Конституцияны қабылдау – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басу деген сөз.
Бұл құжат қоғамның сапалық тұрғыдан жаңаруына жол ашып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Өйткені дұрыс пен бұрысты саралай алатын, әділдікті ту еткен саналы қоғам ғана осындай маңызды шешімдерді қабылдай алады. Жаңа Конституция – елдігіміздің берік тірегі, егемендігіміздің айқын тұғыры. Оның әрбір нормасы мен тармағы Тәуелсіздігімізді нығайтуға, мемлекетіміздің тұрақты дамуына бағытталған. Ең бастысы, әділдік қағидаты негізгі заңның өзегіне айналып, қоғамда теңдік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге негіз болады.
Қанат Темірғалиев


