Жаңа Конституция жобасы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті арттыру сияқты маңызды қағидаттар қамтылған.
Бұл өзгерістер елдегі демократиялық құндылықтарды нығайтып, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған. Конституция – кез келген мемлекеттің негізгі заңы. Сондықтан оған енгізілетін өзгерістер әр азаматтың өміріне тікелей әсер етеді. Жаңа жобада халықтың пікірін ескеру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелері басты назарға алынған. Жаңа Конституция – тұрақты даму мен берекелі қоғамның кепілі.
Әліби ЗҰЛҚАН,
ауыл белсендісі


