Қазіргі таңда елімізде адалдықты қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру бағытында маңызды жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс. Ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу үшін әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет.
Заңды білу, өз құқығын қорғау және кез келген жағдайда әділдік қағидаттарын ұстану – жемқорлықтың таралуына жол бермейтін негізгі қадамдар. Әсіресе, жас ұрпаққа адалдық, жауапкершілік және отансүйгіштік құндылықтарын сіңірудің маңызы зор. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысы ашық әрі әділ болуы керек. Қызметтік өкілетті жеке пайда үшін пайдалануға жол бермеу, азаматтардың өтініштеріне әділ қарау және қоғам алдында жауапты болу – сенімді мемлекеттік басқарудың басты талаптары. Сонымен қатар цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру адам факторының әсерін азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бір күндік науқан емес, үздіксіз жүргізілуге тиіс маңызды жұмыс. Жаңа кезеңдегі басты міндет - заңды құрметтейтін, адалдықты ту еткен және жауапкершілікті сезінетін қоғам қалыптастыру. Әр азамат өз ісіне адал болып, ортақ іске үлес қосқанда ғана әділетті әрі өркендеген мемлекет құруға мүмкіндік туады. Адал қоғам – жарқын болашақ кепілі. Жемқорлыққа қарсы күрес – жаңа кезеңдегі басты міндет.
Гүлназ АЙШУАҚ,
аудандық Қазынашылық басқармасынының бас маман-бас қазынашысы




