Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӨЗЕН ЖАҒАЛАУЫН ТАЗА ҰСТАЙЫҚ!

Міне, жазғы демалыс маусымы да келіп жетті. Көпшілігіміз аптап ыстықта табиғат аясына, өзен-көлдердің жағасына салқындауға, демалуға асығамыз.

Әрине, демалған жақсы. Алайда, демалыстан кейін табиғаттың тынысын тарылтып, артымызға күл-қоқыс тастап кететініміз жаман. Сол себептен, жазғы демалысқа шығушыларды табиғатты аяулауға, таза ұстайға шақырамын. Әсіресе, ауданның тіршілік көзі болған Ойыл өзенінің жағалауын таза ұстау – бүгінгі күннің басты талабы. Өзен жағасына тасталған әрбір қоқыс суды улап, экологияға орны толмас зиян келтіреді. Ойылдың суы мөлдір, жағасы таза болуы тікелей бізге байланысты. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы аясында бәріміз бір кісідей жауапкершілік танытып, ауылдың ішін де, сыртын да, өзен жағалауын да таза ұстайық!

Алтынзер БАЙМҰРАТОВА,

аудандық мәлихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT