Аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бақылау мақсатында республикалық «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара барысында, полиция қызметкерлері мен уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіп, шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалардың құжаттарын тексеруде. Тексеру нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталып, құқық бұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шетел азаматтарын уақытылы тіркеу, еңбек қызметін заңды түрде жүзеге асыру және көші-қон талаптарын сақтау қажеттілігі жөнінде ақпарат берілуде. Аталмыш іс-шара құқықтық тәртіпті нығайтуға, заңсыз көші-қонның алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Өз тілшіміз



