Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӨЗАРА ДОСТЫҚ ҚАТЫНАС

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас – өзара құрметке, сенімге және тарихи-мәдени сабақтастыққа негізделген ерекше байланыстардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапары осы достық қатынастардың жаңа кезеңге көтеріліп келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті.

Бүгінде Қазақстан мен Кореяны тек экономикалық әріптестік қана емес, халықтар арасындағы өзара ықылас пен рухани жақындық та байланыстырады. Әсіресе Қазақстанда өмір сүріп жатқан корей этносының тағдыры – осы достықтың жарқын көрінісі. Кезінде қазақ жеріне қоныс аударған корей халқының өкілдері еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласып, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосты. Сондықтан корей жұрты Қазақстан үшін жай ғана этникалық қауым емес, екі халықты жалғап тұрған алтын көпір деуге болады.

Толқын БАҚТЫГЕРЕЕВА,

аудандық қоғамдық кеңес мүшесі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT