Конституция – мемлекеттің басты заңы, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі.
Әрбір азамат Конституция талаптарын сақтап, заңды құрметтеуді өзінің азаматтық борышы деп білуі қажет. Заңға бағыну – тек міндет қана емес, ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.
Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттырып, жас ұрпақты заңды құрметтеуге тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет. Заң үстемдік құрған қоғамда тәртіп те, әділдік те, тұрақтылық та берік болады.
Кәмшат Әбіш




