Сонымен бірге әділетті қоғамда заң – теңдік пен тәртіптің кепілі. Бұл ретте құқық бұзушылықтың алдын алуда түсіндіру жұмыстарының да маңызы зор.
Жастарға заң талаптарын түсіндіру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру, туындаған мәселелерді заңды жолмен шешуге үйрету құқықтық мәдениетті қалыптастыруға көмектеседі.
Отбасы мен мектеп – заңға құрметпен қарауды үйрететін алғашқы орта. Үлкендердің тәртіп сақтауы, өзгенің құқығын құрметтеуі және даулы мәселелерді сабырмен шешуі балаларға үлгі болады. Сондықтан құқықтық тәрбие күнделікті әрекетпен ұштасуы қажет.
Сисемғали НҰРҒАЛИЕВ,
ішкі істер саласының ардагері




