Заң мен тәртіп – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның басты негізі. Қандай да бір мемлекеттің дамуы азаматтарының заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтай білуімен өлшенеді.
Сондықтан заң талаптарын орындау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда өзара сыйластық, жауапкершілік пен әділдік салтанат құрады.
Әсіресе, жас ұрпақтың заңға бағынатын, ел мүддесін бәрінен биік қоятын азамат болып қалыптасуы – болашақтың берік кепілі. Заң үстемдігі орныққан жерде тәртіп те, тұрақтылық та болады. Сондықтан заңды құрметтеу арқылы біз өз еліміздің қауіпсіздігі мен дамуына үлес қосамыз.
Айымгүл Қосыбаева



