Қоғамның тыныштығы мен дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты. Заң — мемлекеттің қабылдаған, барлық азамат орындауға міндетті ережелер жүйесі. Ал тәртіп — сол заңдардың бұлжытпай орындалуы және әрбір адамның мінез-құлқының қоғам талабына сай болуы. Заң мен тәртіп бар жерде әділдік, бейбіт өмір мен қауіпсіздік орнайды. Қайта, заң бұзылған және тәртіп сақталмаған жағдайда ел тыныштығы бұзылады. Сондықтан әр азамат заңды құрметтеп, өз іс-әрекетіне жауапты болуы қажет.
Сүлеймен Иманқұлов,
Зейнеткер



